Ташкент мемлекеттік заң университетінде ҚАЕУ докторанттарының ғылыми тағылымдамасы
Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде ҚАЕУ «Құқықтану» ББ докторанттары А.К.Абдрахманова, Ж.К.Зиятова және К.К.Нұрмұханбетованың ғылыми тағылымдамасы жүзеге асырылуда.
Тағылымдама барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, диссертация тақырыбы бойынша теориялық және әдіснамалық база кеңейтілді. Сонымен қатар, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессор-оқытушылар құрамымен ғылыми кеңестер беру және тәжірибе алмасу өткізілді. Тағылымдама нәтижелері ғылыми зерттеулерді одан әрі жетілдіруге және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы





