Ташкент мемлекеттік заң университетінің магистранттарына арналған қонақ дәрісі

 2026 жылғы 18 қарашада университеттер арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру аясында онлайн-форматта ҚАЕУ заң клиникасының басшысы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Савелий Александрович  Мужчильдің Ташкент мемлекеттік заң университетінің магистранттары үшін қонақ дәрісі өтті.

Дәріс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбына арналды. Сөз сөйлеу барысында оны қабылдаудың алғышарттары, құрылымы мен негізгі ережелері, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін конституциялық өзгерістердің маңызы қаралды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәріс соңында мазмұнды пікірталас өтті. Магистранттардың ерекше қызығушылығын гендерлік теңдікті конституциялық реттеу, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен халықаралық құқық нормаларының арақатынасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы вице-президентінің құқықтық мәртебесі мәселелері тудырды.

Белсенді талқылау қатысушыларға Қазақстан мен Өзбекстанның конституциялық-құқықтық тәсілдерін салыстыруға, кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және қазіргі конституционализмді дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Дәрісті өткізу Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасындағы өзара іс-қимылдың кезекті  тәжірибелік нәтижесі болды.

Ташкент мемлекеттік заң университетінің басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және магистранттарына көрсеткен қызығушылығы, мазмұнды диалогы және нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы