«Таза Қазақстан – таза болашақ»: ҚАЕУ-дегі эссе байқауы

2026 жылғы 23 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында «Таза Қазақстан-таза болашақ» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараны педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Қаженова Ақерке Мұратханқызы ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, қоршаған ортаны сақтау үшін жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ шығармашылық және сыни ойлауды дамыту болды.

Қатысушылар өз эсселерінде қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін ашып, әрбір адамның экологиялық жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның таза және экологиялық таза ел ретіндегі болашағы туралы өз көзқарастарын білдірді.

Шығармашылық жұмыстарды қазылар алқасының мүшесі, педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбаева Құралай Төлеуханқызы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Іс-шара студент жастардың экологиялық санасын дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасының құндылықтарын насихаттауға ықпал етті.