«Teacher’ s Hackathon» -дағы жеңіс
2026 жылғы 28 қаңтарда Астанада №9 «Зерде» лицейінің базасында «Teacher’ s Нackathon» Республикалық педагогикалық хакатоны өтті, оған Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 70 жас педагог қатысты. Іс-шара өзінің кәсіби дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және оқу үдерісіне заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге ұмтылатын дарынды мұғалімдерді жинады. Аталған іс – шараға бакалавриат пен магистратураның «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ бойынша біздің университетіміздің түлегі Демьянова Инесса Сергеевна, қазіргі уақытта – педагог-модератор, Өскемен қаласының «ОБММФИ» КММ орыс тілі мұғалімі және ҚАЕУ педагог-тәжірибешісі қатысты.
Хакатонның мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, командалық және жобалық қызмет дағдыларын дамыту, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістері арқылы білім сапасын жақсарту. Қатысушылар командаларда жұмыс істеді, жобалар жасады, талқылаулар мен шеберлік сабақтарына қатысты, бұл кәсіби байланыстарды нығайтуға және шығармашылық әлеуетті дамытуға ықпал етті.
Инесса Сергеевна команда құрамында құрметті III орынға ие болып, білім беру үдерісіне дайындық пен қатысудың жоғары деңгейін көрсетті.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
Педагогика және психология кафедрасы



