Техникалық аударма бойынша практикалық сабақ: ҚАСУ студенттері магистратура мүмкіндіктері туралы білді

Педагогикалық тәжірибе аясында 2025 жылғы 11 ақпанда 7М02302 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Советова Н. 6В02301 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Техникалық аударма (1-бөлім)» пәнінен практикалық сабақ өткізді. Ол студенттердің Қазақстан-Американдық еркін университетінде таңдаған мамандық бойынша магистратура бағдарламасында оқуын жалғастыру перспективалары туралы сұрақтарына жауап берді. Әңгіме барысында магистратураға түсуге дайындық, оқу мазмұны, диссертациямен жұмыс, кәсіби тәжірибелер және Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерге ұсынатын ерекше мүмкіндіктері талқыланды.