ТМЗУ-де заңгерлік клиникалық білім беру бойынша халықаралық конференция
2025 жылғы 26-27 қарашада Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Заңгерлік клиникалық білім: тәжірибе, технология, құқықтық сана» тақырыбында ТМЗУ Заң клиникасының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Аталған конференцияға Қазақстан-Американдық еркін университетінің заң клиникасының басшысы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Савелий Александрович Мужчиль қатысты.
Конференция барысында қатысушылар заң клиникаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты.
Ташкент мемлекеттік заң университетіне түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
