«Толық адам»: Абайдың рухани кемелдік философиясы

2026 жылдың 14 қазанында «Толық адам» бағыты аясында педагогика және психология кафедрасының оқытушысы А.М. Қаженова «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне танымдық дәріс ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары, оның жан-жақты дамыған, білімді және  өнегелік жағынан жетілген тұлға туралы түсініктері қаралды. Ақыл, ерік пен жүректің үйлесімділігіне, сондай-ақ адам өміріндегі білімнің, тәрбиенің және өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығына негізделген «Толық адам» тұжырымдамасының негізгі идеяларына ерекше назар аударылды.

Дәріс студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, олардың аналитикалық ойлауын дамытуға және Абайдың философиялық мұрасын түсінуді тереңдетуге бағытталды. Қатысушылар қазіргі қоғамдағы ойшыл идеяларының өзектілігін және олардың болашақ мұғалімдердің жеке және кәсіби қасиеттерін қалыптастырудағы маңыздылығын түсіне алды.

Іс-шара студенттердің ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға және тәрбие мен білім беру  үдерісінде адамгершілік ақұндылықтардың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.