“Қазақстан халқына”

«Қазақстан халқына» қорының 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру гранттары

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры әлеуметтік осал санаттағы талапкерлерге арналған жоғары білім алу үшін қайырымдылық гранттарын ұсынуды жалғастыруда. 2025–2026 оқу жылында бакалавриат бағдарламаларына күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндік беретін гранттар тағайындалады.

Білім беру гранты не қамтиды:

  • Бакалавриаттың күндізгі оқу түрі бойынша толық оқу ақысы;
  • Ай сайынғы 40 000 теңге мөлшеріндегі стипендия (жылына 10 ай бойы, жазғы демалыс кезеңінен басқа уақытта төленеді).

Кімдер қатыса алады:
29 жасқа дейінгі ҚР азаматтары, келесі санаттар бойынша:

  1. Ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардан шыққан аз қамтылған отбасылардың балалары;
  2. Ата-анасынан айырылған жетім балалар;
  3. Мүгедектігі бар тұлғалар;
  4. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер;
  5. 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларында қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
  6. Қаңтар оқиғаларында жарақат алған балалар.

Маңызды ескерту:

  • Бұл грант жоғары білімі бар тұлғаларға және мемлекеттік грант иегерлеріне берілмейді;
  • Грант тек күндізгі оқу түрі бойынша және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында ғана жарамды;
  • Грант атына тіркелген, басқа тұлғаға берілмейді және бір рет қана беріледі;
  • Басқа білім беру бағдарламасына немесе ЖОО-ға ауысуға рұқсат етілмейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері:

  • 1–17 тамыз –  ЖОО қабылдау комиссиялары талапкерлерден өтінім қабылдайды;
  • 22 тамызға дейін –  ЖОО құжаттарды қорға жолдайды;
  • 8 қыркүйек –  Қордың басқарма отырысы өтеді;
  • 11 қыркүйекке дейін –  Грант иегерлерінің тізімі жарияланады;
  • қыркүйек–қараша –  үшжақты келісімшарттарға қол қою және төлемдер жүргізіледі.

Грант бөлінетін жоғары оқу орындарының тізімі мен грант саны 2025 жылғы 1 тамызға дейін Қордың ресми сайтында жарияланады.