«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиада
2025 жылғы 10-11 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиада өтті. Олимпиаданы маркетинг кафедрасы мен Цифрлық экономиканы зерттеу институты ұйымдастырды.
Олимпиаданың мақсаты – туристік сала мамандарын даярлау сапасын арттыру және туризм саласындағы зерттеулерді ынталандыру.
Олимпиада екі турдан тұрды:
1 тур – «Туристік карта». Әр команда туристік бағдарларды, объектілері, туристік инфрақұрылым белгілері және креативті индустриялары бар өңірдің, облыстың немесе қаланың картасын жасады.
2 тур – «Бейнеролик». Командалар сараптамалық комиссияға келесі бағыттар бойынша бейнежұмыс ұсынды:
- «Ақылды туристік өнімдер мен қызметтерді әзірле»,
- «Гастрономиялық туризмдегі инновация»,
- «Өңірдегі SPA-туризмді дамыту стратегиялары»,
- «Туристік дестинацияларды ілгерілетудегі авторлық мазмұн» және т. б.
Олимпиадаға Қазақстан мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысты.
«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша «Шығыс мұрасы» студенттер командасы құрамында: Ж.С. Жүнісова, А. М. Мұратова, Е.А.Решетникова —«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиадада жеңіске жеткені үшін III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшісі: Калиева Арайлым Ерікқызы, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы.
Бұл жеңіс – студенттер даярлығының жоғары деңгейінің және оқытушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біздің дарынды студенттеріміз бен ғылыми жетекшілерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Бизнес кафедрасы


