Туризм бойынша Республикалық олимпиада
2025 жылғы 24-27 қазанда «Туризм» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушысы Исанова Медина Мақсатқызы «Inn & Science Asia» Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған «Туризм» ББ 1-4 курс студенттері арасындағы VII Республикалық қашықтықтан олимпиадаға қатысты.
Бұл олимпиаданың мақсаты туризм саласындағы студенттердің қызығушылығын арттыру және білімі мен дағдыларын тереңдету болып табылады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының «Туризм» ББ 1-4 курс студенттері қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1 кезең – тұсаукесер және 2 кезең – ашық сұрақтар және кейс тапсырмалар. М.М. Исанова бірінші турда «Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту» тақырыбында таныстырылым ұсынды. 2 турда ашық сұрақтарға жауап беріп, «Цифрлық трансформация және экологиялық сын-тегеуріндер дәуіріндегі туризм» тақырыбындағы кейсті шешті.
«Туризм» ББ білім алушысы М.М.Исанова Олимпиаданың ұсынылған тапсырмаларын өте жақсы орындады. Ол туристік индустриядағы басқару және маркетингтік міндеттерді бағалау үшін жағдайларды талдау және шешу бойынша теориялық білімнің жоғары деңгейін көрсетті.
Олимпиаданың сұрақтары мен тапсырмалары «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы А.Е.Қалиеваның жетекшілігімен орындалды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» ББ білім алушысы Медина Мақсатқызы Исанова I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бизнес кафедрасы
