«Туризм және мәдениет: қиылысу нүктелері және даму келешегі» дөңгелек үстелі

2025 жылғы 12 қарашада «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», «Маркетинг және PR менеджмент», «Қаржы», «Есеп және аудит» және «Менеджмент» білім беру бағдарламаларының Қазақстан-Американдық еркін университетінің 2 курс студенттері э.ғ.к., профессор А.С. Мұқатайдың жетекшілігімен «Туризм және мәдениет: қиылысу нүктелері және даму  келешегі» атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпарат тарату аясында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражай-қорығы ұйымдастырды.

Туризм мен мәдениет бір – бірімен тығыз байланысты: бұл көптеген заманауи туристік өнімдердің негізін құрайтын мәдени мұра – қолөнер мен дәстүрлі тағамдардан бастап салт-дәстүрлер мен тарихи қайта құруларға дейін. Дөңгелек үстелдің мақсаты – өңірдің мәдени мұрасы мен туристік индустриясы саласындағы жаңа бастамаларды талқылау.

Спикерлер болып сөз сөйлегендер:

– Т.У.Дәулетов, «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысының орынбасары  -Шығыс Қазақстанның туристік саласының ағымдағы жай-күйі туралы айтып берді;

– Абеджанова Әйгерім, GastroTour.vko туристік компаниясының гид-экскурсоводы – өңірдің  гастрономиялық туризмінің ерекшеліктерін ұсынды;

– Ш.М.Кәрібаева – музей-қорықтың ақпараттық – білім бөлімінің меңгерушісі, туризмнің мәдени мұраны сақтауға әсерін ашып көрсетті.

Кездесу барысында студенттер жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты. Олардың қозғаған сұрақтары:

– өңірде ішкі және гастрономиялық туризмді дамыту келшегі;

– туристік компанияларда тәжірибелік дайындық және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері;

– мәдени мұраны сақтау жобаларына жастардың қатысуы;

– туристік брендтің элементтері ретінде ұлттық қолөнер мен дәстүрлі тағамдарды қолдау.

Спикерлер студенттерді туристік индустрияны дамытуға тартудың маңыздылығын атап өтіп, мәдениет пен туризм халықаралық аренада Қазақстанның оң имиджін қалыптастыра отырып, бір-бірін күшейтетінін атап өтті.

Бизнес кафедрасы