XV Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында «INSPIRE. EDUCATE. MOTIVATE» семинары

2025 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «INSPIRE. EDUCATE. MOTIVATE» семинары өтті. Спикер Co-serve International қорының (Портленд, Орегон, АҚШ) сертификатталған ағылшын тілі мұғалімі Кэтлин Хайд болды.

Семинар аясында Шығыс Қазақстан облысының ағылшын тілі мұғалімдері 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған оқытудың белсенді әдістерімен танысты. Грамматикалық және лексикалық дағдыларды дамыту стратегияларына, сондай-ақ коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар оқуды қызықты, интерактивті және нәтижеге бағдарлауға мүмкіндік беретін  тәжірибелік әдістерді қарастырды.

Іс-шара жылы және шабыттандыратын  ахуалда өтті, тәжірибе алмасу және бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдерін талқылау алаңына айналды.