XV Халықаралық Жас ғалымдар форумы: қылмыстық іс бойынша оқу сот   процесі

2025 жылғы 9 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 — бабы – «Пара алу» бойынша қылмыстық сот процесін жоғары деңгейде сахналады.

Іс-шара «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» Жас ғалымдардың XV Халықаралық форумы аясында өтті.

Студенттер сот процесінің барлық кезеңдерін кәсіби және тиімді көрсете отырып, теориялық білімді тәжірибеде сәтті қолданды. Бұл оқиға құқықтық білімді тереңдету және заң  тәжірибесін меңгеру жолындағы маңызды қадам болды.

Қатысушылар болашақ заңгерлер ретінде құнды практикалық тәжірибе жинақтай отырып, аналитикалық және коммуникативтік дағдыларды дамытты. Мұндай іс-шаралар студенттерге құқық қолдану  тәжірибесін тереңірек түсінуге және нақты сот процесіне жақын жағдайларда шешім қабылдауға үйренуге мүмкіндік береді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы