«Ысырапшылдыққа бейімділік» қоғам проблемалары туралы пікірталас

2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің  «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма  ісі» білім беру бағдарламаларының  2 курс  студенттері А. В.Палкиннің жетекшілігімен ашық сабаққа қатысты.

Сабақ барысында қатысушылар қаржы және тұтыну тақырыбы бойынша заманауи лексиканы зерттеді, ысырапшылдықтың себептерін талқылады және жеке қаражатты ұтымды басқару тәсілдерімен танысты.

Соңғы кезеңі «Is being wasteful with money a personal weakness or a result of modern society?» тақырыбындағы пікірталас болды.

Студенттер ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейін, сыни тұрғыдан ойлауды және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғай білуді көрсетті.

Шет тілдері кафедрасы