«Заң және тәртіп» Құқық негіздері бойынша I облыстық олимпиада

2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» Құқық негіздері бойынша I облыстық олимпиада өтті. Іс-шара 2025-2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы  аясында ұйымдастырылды. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді және тапсырмалардың үш түрін қамтыды: тестілеу, кроссвордты шешу және құқықтың негізгі салаларының білімін тексеруге бағытталған логикалық міндеттер.

Зияткерлік сайысқа Шығыс Қазақстан облысының 33 мектебінен, соның ішінде Өскемен, Риддер, Алтай қалаларынан, сондай-ақ Тарбағатай, Ұлан және Глубокое аудандарынан 93 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының құрамына құқықтану саласындағы мамандар кірді:

1.Аринова Алтынай Хайдарқызы -ШҚО бойынша заң консультанттары Палатасының төрайымы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ ШҚО филиалының төрайымы;

2.Әділмұратова Рита Әділмұратқызы – PhD докторы, ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі;

3.Серікқалиев Айдар Жұмашкенұлы – ШҚО жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының өкілі;

4.Әбдірахманова Ардақ Құрманбайқызы – ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі;

5.Райымова Мәншүк Төреханқызы – Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар группы жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры;

6.Жүніспеков Ермек Мұхамеджанұлы – ҚАЕУ Жоғары колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

7.Мужчиль Савелий Александрович — заң клиникасының жетекшісі, ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

  • 1 орын — Базарбек Кәусар (ҚАЕУ-да оқуға 50% жеңілдік);
  • 2 орын-Шемелин Иван (ҚАЕУ-да оқуға 25% жеңілдік);
  • 3 орын-Нұрахметов Рамазан (ҚАЕУ-де оқуға 10% жеңілдік).

Жеңілдіктер «Құқықтану» және «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларына түсу кезінде қолданылады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Қазақстан-Американдық еркін университетіне оқуға шақырамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы