Заманауи мектеп білім беруіндегі жасанды интеллекттің рөлі

2025 жылғы 28 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Заманауи мектеп білім беруіндегі  жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында семинар өтті. Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Мошенская дәріс оқыды.

Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне интеграциялаудың заманауи тәсілдері, оқушылардың оқуын дараландыру және ынтасын арттыру үшін нейрондық желілерді пайдалану мысалдары қарастырылды. Цифрлық құралдарды қолдану кезінде педагогтардың этикасы мен жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар студенттердің білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогикалық кәсіпті дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті.

Педагогика және психология кафедрасы