Заманауи педагогикалық тәжірибе алмасу: SDU оқытушысының ҚАЕУ-дегі іс-шаралары

2025 жылдың 17 қарашасынан SDU университетінің «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Кабыкенкызының Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында кәсіби іс-сапары басталды. Академиялық ұтқырлық аясында жоспарланған бұл сапар барысында оқытушы бірқатар маңызды кездесулерге қатысып, тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда. Академиялық ұтқырлық жұмыстары ҚАЕУ ұжымымен танысудан бастап, екі университет арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған ашық диалогпен және заманауи педагогикалық трендтерге арналған шеберлік сынып жүргізумен толықты. Қысқа мерзім ішінде атқарылған бұл жұмыстар екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістерді таратуға зор үлес қосады.