«Заң мен тәртіп» идеологемасы шеңберінде қылмыстық іс бойынша көрнекі оқу сот процесі
2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Заң мен тәртіп» ұлттық идеологемасы шеңберінде өткізілген қылмыстық іс бойынша көрнекі оқу сот процесі – жарқын және танымдық іс-шара өтті.
Оқу сот отырысын «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі Әділмұратова Рита Әділмұратқызы ұйымдастырды және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 – бабы – «Пара беру» бойынша қылмыстық істі қарауға арналды.
Оқу сот отырысына судьялар, прокурорлар, адвокаттар, куәгерлер және айыпталушы рөлдерінде өнер көрсеткен «Құқықтану» және «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын терең білетіндіктерін, сондай-ақ нақты сот тәжірибесіне барынша жақын жағдайларда теориялық білімді қолданудың тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Сот отырысының рәсімін — отырыстың ашылуынан бастап сот жарыссөздері мен үкім шығаруға дейін кезең-кезеңімен ашуға ерекше назар аударылды. Бейнеконференция элементтері мен бейнематериалдарды көрсетуді қоса алғанда, заманауи технологияларды қолдану іс-шараға жоғары шынайылық дәрежесін беруге және оның тәжірибелік бағытын көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға құрметті қонақтар мен сарапшылар ретінде Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау және сот органдарының өкілдері қатысты:
- ШҚО прокурорының бірінші орынбасары Таутенов Мейрам Мұнайтпасұлы;
- Мемлекеттік айыптауды қолдау бойынша облыс прокуратурасы басқармасының бастығы Алтынбекұлы Қайрат;
- Облыс прокурорының аға көмекшісі Корогод Дмитрий Сергеевич;
- ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қоянбаев Ерік Сиырбайұлы;
- ШҚО Адвокаттар алқасының адвокаты Абиханов Еркін.
Құрметті қонақтар студенттерді даярлаудың жоғары деңгейін, олардың сенімді сөз сөйлеуін және модельденген процестік жағдайларда заңнама нормаларын сауатты қолдана білуін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ заңгерлердің кәсіби мәдениетін, құқықтық ойлауын және заңдылықты сақтау үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыратыны атап өтілді.
Оқу сот процестерін жүргізу кафедраның игі дәстүріне айналды және оқытуда тәжірибеге бағдарланған тәсілді дамытуға, университеттің сот және құқық қорғау органдарымен байланысын нығайтуға, сондай-ақ студенттердің заң мен сот төрелігі қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


























