«Заң және тәртіп» қағидаты шеңберіндегі профилактикалық рейд
2025 жылғы 12 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің Студенттер үйінде Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған профилактикалық рейд өтті.
Іс-шара жастар арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алуға және студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған. Рейдке полиция қызметкерлері, жастар орталығының өкілдері және қызметтік иттері бар кинологтар қатысты.
Жатақханаға барған кезде студенттер есірткінің зияны және тәуелділікке тап болған кезде көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдар алды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы әңгіме болды. Іс-шара қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Университет басшылығы студенттер қауымдастығында салауатты және қауіпсіз орта құруға бағытталған осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.