Жеке тұлғаны өзін-өзі анықтаудың инновациялық тәсілдері: ҚАЕУ Жас ғалымдар форумы аясындағы шеңберіндегі тәлімгерліктің халықаралық тәжірибесі

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің XVI Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында шақырылған шетелдік спикер –  Ян Бабинектің (Аврора, Колорадо, АҚШ) ғылыми – тәжірибелік семинары өтті.

Бабинец мырза әлеуметтік қызметкер, жетекші жаттықтырушы және Co-Serve International халықаралық ұйымының ресми өкілі бола отырып, «Өзінің «Мен» шынайы болмысын табу жолындағы  күтпеген оқиға» тақырыбында дәріс оқыды.

Семинар барысында жаһандану жағдайында тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің өзекті мәселелері көтерілді. Шынайы көшбасшылық тұжырымдамасын дамытуға баса назар аударылды. Автор тұлға құрылымындағы құндылық бағдарларын анықтауға, жас зерттеушілердің әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығын дамытуға, этикалық көшбасшылық қағидаттарын кәсіби қызметке біріктіруге бағытталған интроспекция әдіснамасын ұсынды.

Іс-шара ҚАЕУ білім беруді интернационалдандыру стратегиясын іске асырудың маңызды кезеңі болды. Интерактивті формат форум қатысушыларына — студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға – әлеуметтік жұмыстың қолданбалы аспектілерін және АҚШ-тың заманауи білім беру трендтерін талқылауға мүмкіндік берді.