Жас оқытушының кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерлік туралы қонақ дәрісі

«Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» халықаралық ғылыми Конгресінің іс-шаралары аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2025 жылғы 10 қарашада «Жас оқытушының кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерліктің рөлі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Спикер ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, МАЖБМ «Мәскеу қалалық педагогикалық университетіндегі» үздіксіз білім беру Институтының доценті Тёров Александр Александрович сөз сөйледі (Мәскеу қ., Ресей).

Дәріс барысында жоғары оқу орындарында тәлімгерлік жүйесін дамытудың заманауи тәсілдері, жас мамандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаттары, сондай-ақ білім беру ортасында кәсіби өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың маңыздылығы талқыланды.

Қатысушылар ұсынылған идеялардың  тәжірибелік құндылығын атап өтіп, педагогикалық тәлімгерлік және цифрлық білім беру саласында одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.