«Жасанды интеллекттің халықаралық құқыққа әсері» қонақ дәрісі

2025 жылғы 7 қарашада «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» Халықаралық ғылыми Конгресінің іс-шаралары аясында PhD докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің ағылшын құқығы және ЕО құқығы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Тиллабоев Шохрухбек Мирзатиллаұлының «Жасанды интеллекттің халықаралық құқыққа әсері» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында Шохрухбек Мирзатиллаұлы жасанды интеллект ұғымына, оның құқықтық негіздеріне, Өзбекстан Республикасындағы құқықтық реттеу ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, қоғамдық қатынастардың түрлі салаларында жасанды интеллект технологияларын қолдануды реттеуге бағытталған халықаралық тетіктерді қарастырды.

Тыңдаушылар құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, сондай-ақ ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығының білім алушылары болды.

ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы құрметті Шохрухбек Мирзатиллаевич Тиллабоев  және Ташкент мемлекеттік заң университетіне жемісті ынтымақтастығы және халықаралық академиялық және ғылыми серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдіреді!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы