Жасанды интеллекттің қараңғы жағы: тәуекелдер мен алаяқтық

2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде 3-курс студенттеріне «Жасанды интеллекттің қараңғы жағы» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті ҚАЕУ заң клиникасының жетекшісі, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович жүргізді.

Бұл іс-шара Қаржылық қауіпсіздік бойынша АФМ Ұлттық олимпиадасы қарсаңында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті.

Дәріс барысында жасанды интеллектті қолдануға байланысты тәуекелдер, соның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық мәселелері талданды.