Жастар ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу: ҚАЕУ-де интернет – алаяқтық және есірткі қылмысы талқыланды

2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттермен құқықтық сауаттылықты арттыруға және жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме өтті.

Кездесу спикері ретінде Өскемен қаласы Полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры А.Б.Манженов сөз сөйледі.

Интернет-алаяқтық мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттерге алдаудың жалпы схемалары түсіндірілді. Ұрланған ақшаны қолма – қол ақшаға айналдыру және банктік карталарды және үшінші тұлғалардың шоттарын заңсыз пайдалану- дроперлік тақырыбы бөлек талқыланды.

Сондай-ақ, кездесу аясында жастар арасындағы есірткі қылмысы мәселесі қозғалды. Полиция өкілі жастарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына, оның ішінде интернет және мессенджерлер арқылы тарту тетіктері туралы айтып берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қатаң жауапкершілік шаралары туралы еске салды.

Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және жастардың жеке жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.