Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұрланұлы Бақытжанның қола медалі

2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Шымкентте U16, U20 және U23 жас санатындағы спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үш жарыс күні бойы қатысушылар жүгіруден, эстафеталар, кедергі жүгіріс, көпсайыс, секіру және лақтыру бойынша жүлделі орындарға таласты.

ҚАЕУ 6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының (IP) 1 курс студенті Нұрланұлы Бақытжан университетті абыроймен таныстырып, U23 жас санатындағы 4×100 метрлік эстафетада қола жүлдегер атанды.

Нұрланұлы Бақытжан «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Шәкәрім атындағы Жоғары колледжінің түлегі болып табылады, онда оның кәсіби және спорттық дамуының негізі қаланды. Алынған білім, жүйелі даярлық және жаттықтырушылардың қолдауы оның  келшегі бар спортшы ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

ҚАЕУ өз студентінің жетістіктерімен мақтан тұтады және Нұрланұлы Бақытжанға одан әрі жетістіктер, жаңа рекордтар және түрлі деңгейдегі жарыстарда жарқын жеңістер тілейді!

«Педагогика және психология» кафедрасы