«ЖОО үздік оқытушысы – 2025» байқауы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже)», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығымен бекітілген. Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан кандидаттар өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Байқаудың I кезеңі, университетішілік, 3 қарашада басталып, 2025 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер (universitycontest2025.iac.kz) мынадай құжаттарды ұсынады:
– Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім;
– Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (соңғы 5 жылдағы деректер- 2021, 2022, 2023, 2024, 2025 нақты күндер көрсетілген тармақтарды қоспағанда, жылдар);
– Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары-кестесі;
– кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі – 2025 жылғы 17-19 қараша аралығында.
Республикалық байқаудың II кезеңі, 1 желтоқсанда басталып, 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі universitycontest2025.iac.kz. нұсқаулық сайтта орналастырылатын болады