«Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған семинар

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған семинар өтті.

Семинарды  «Human’s hope» қоғамдық бірлестігінің өкілі, «Jastar Soilesin» жобасының (NED қолдауымен іске асырылуда) жетекшісі, практикалық жұмыста тәжірибесі мол журналист Индира Кәкімова өткізді.

Кездесу барысында студенттер қазіргі жағдайда журналистиканы дамытудың өзекті мәселелерін, өзгермелі медиа ортадағы мамандықтың ерекшеліктерін, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық  келешегін талқылады.

Мұндай іс-шаралар студенттерге тәжірибеші мамандармен тікелей сөйлесуге, ой-өрісін кеңейтуге және тек оқулықтардан жиып алуға болмайтын білімге қол жеткізуге ерекше мүмкіндік береді.

 Педагогика және психология кафедрасы