Журналистика – білім мен тәжірибе тоғысқан орта

2026 жылғы 17 қараша күні ҚАЕУ-дің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арнайы қонақ дәріс ұйымдастырылды. Кездесудің құрметті қонағы – ҚАЕУ-дің 2026 жылғы түлегі, Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының баспасөз хатшысы Орынбаева Мақпал Ришатқызы.

Дәріс «Журналистикаға кіріспе» пәні аясында «Журналистік қызмет түрлері, оларды үйлестіру және ілгерілету мәселелері» тақырыбында өтті.

Кездесу барысында болашақ журналистер үшін маңызды әрі өзекті тақырыптар қозғалды. Студенттер қонаққа кәсіби қызметіне қатысты сұрақтар қойып, оның тәжірибесімен танысты.

Атап айтқанда, мемлекеттік орган журналисті мен қарапайым журналистің айырмашылығы, сондай-ақ болашақта блогерлер журналистердің орнын басуы мүмкін бе деген мәселелер талқыланды. Бұл сұрақтар қазіргі медианың дамуы мен журналистика саласының болашағы туралы қызықты пікір алмасуға жол ашты.

Кездесу тек дәріспен шектелмей, ерекше форматтағы ойынмен де жалғасты. Студенттер журналистика тақырыбына бейімделген «Мафия» ойынын ойнап, өздерінің тапқырлығын, байқағыштығын және ақпаратты саралау қабілетін сынады.

Кездесу барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, журналистика саласының қыр-сырын жақынырақ таныды. Мұндай кездесулер болашақ мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастырып, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыра түседі.

Орынбаева Мақпал Ришатқызына мазмұнды қонақ дәріс өткізіп, кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін шынайы алғыс білдіреміз.

Сабақ барысында журналистік қызметтің заманауи бағыттарын тәжірибемен ұштастыра түсіндіріп, болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығы мен шығармашылық ізденісіне серпін берді.

ҚАЕУ-дің мақтан тұтар түлегіне зор денсаулық, шығармашылық табыс және кәсіби қызметіне толағай жетістіктер тілейміз!