ҚАЕУ-де Джеймс Саймонсқа «ҚАЕУ Құрметті докторы»  дипломы табыс етілді

2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде американдық оқытушы Джеймс Саймонсқа «ҚАЕУ Құрметті докторы» дипломы табыс етілді.

Джеймс Симонс 2018 жылдан бастап жыл сайын  ҚАЕУ университеті мен колледжіне келіп, ақпараттық технологиялар, мәдениеттану, әлеуметтану, шет тілдері, АҚШ-тың тарихы және мәдениеті бойынша студенттерге сабақ өткізеді. Ол сондай-ақ Co-serve International коммерциялық емес білім беру ұйымының еріктісі және қызметкері болып табылады және 2017 жылдан бастап Денвердегі (АҚШ) Көшбасшылық академиясының ұйымдастырушыларының бірі болып табылады, онда ҚАЕУ студенттерімен кездеседі және олар үшін білім беру бағдарламаларын жүргізеді.

«ҚАЕУ Құрметті докторы» атағын беру, оның университеттің халықаралық серіктестігі мен білім беру бастамаларын дамытуға қосқан көп жылдық үлесін  тану болды.