ҚАЕУ-де жасанды интеллектті ғылымда қолдану туралы қонақ дәрісі өтті

2025 жылғы 11 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» халықаралық ғылыми Конгресі аясында «Ғылымда жасанды интеллектті пайдалану» атты қонақ дәрісі өтті.

Цвиккау Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің ғылыми қызметкері және аспиранты Штефан Ноак баяндама жасады. Оның баяндамасының тақырыбы – «Академиялық зерттеулердегі жасанды интеллект: генеративті құралдарды қолдану» – ғылыми зерттеулерде жасанды интеллекттің генеративті құралдарын қолдануға арналған.

Дәріс барысында Штефан Ноак академиялық ортада жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, заманауи ЖИ шешімдері ғылыми талдаудың, деректерді өңдеудің және жарияланымдарды дайындаудың тиімділігін едәуір арттыра алатынын атап өтті. Ол академиялық адалдық, ЖИ қолдану этикасы, сондай-ақ зерттеушілердің жаңа құзыреттерін қалыптастыру қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Дәріс ашық диалог форматында өтті: ҚАЕУ оқытушылары мен студенттері гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми зерттеулерде нейрожелілік құралдарды  тәжірибелік қолдануға, сондай-ақ ЖИ көмегімен жасалған нәтижелерге сенім мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Қонақ дәрісі Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Цвиккау қолданбалы ғылымдар университеті арасындағы тығыз серіктестік байланыстардың тағы бір дәлелі болды, сондай-ақ жасанды интеллекттің қазіргі әлемнің ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануының маңыздылығын көрсетті.