ҚАЕУ-де жастардың діни сауаттылығы мәселелері талқыланды

2026 жылғы 19 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Діни ахуал және жасөспірімдердің сауаттылығы» тақырыбында TEDx форматында конференция өтті. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Конференция теологтарды, дінтанушыларды, психологтарды, құқық қорғау органдарының өкілдерін, жоғары оқу орындары мен колледждердің тәрбие жұмысы жөніндегі басшыларын, сондай-ақ Өскемендегі үш университеттің студенттерін біріктірді.

Қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев құттықтау сөз сөйледі. Талқылау  негізінде жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті діни идеологиялардың таралуының алдын алу, ақпараттық кеңістікте сыни ойлауды және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мәселелері болды. Қатысушылар жастар радикалды идеялар мен манипулятивті мазмұнға ұшырауы мүмкін әлеуметтік  желілердің әсеріне ерекше назар аударды.

Ашық диалог форматында сарапшылар кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау жолдарын талқылады және студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Конференция діни сауаттылықтың, ақпаратқа саналы көзқарастың және заманауи қатерлердің алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, мамандар мен жастар арасында пікір алмасу алаңына айналды.