ҚАЕУ-де Ғылыми Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті
2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Ғылыми Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, университет басшылығы, кафедра меңгерушілері, декандар мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, білім алушылар қатысты.
ҚАЕУ-нің Бірінші вице-президенті, PhD докторы Ж.Е. Байкенов кіріспе сөз сөйледі. Отырыс барысында 2026 жылғы қабылдау науқанына дайындықтың негізгі мәселелері қаралды, сондай-ақ кафедралардың 2025-2026 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары шығарылды.
Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі ҚАЕУ-2026 қабылдау науқанын дайындау стратегиясы болды. Маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы А.Б.Бердібеков баяндама жасады. Қатысушылар күндізгі оқу түріне қабылдауды арттыру, білім беру бағдарламалары бойынша тұрақты контингентті қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру және қабылдау нәтижелері үшін дербес жауапкершілікті күшейту жөніндегі міндеттерді талқылады.
Отырыс шеңберінде кафедра меңгерушілері ағымдағы оқу жылындағы жұмыс нәтижелерін ұсынды, 2026-2027 оқу жылына арналған бар мәселелер мен даму келешегін белгіледі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынымдарына және қазіргі еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес білім беру бағдарламаларын трансформациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев қойылған міндеттерді табысты іске асыру үшін университеттің барлық бөлімшелерінің күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығын атап өтіп, қорытынды сөз сөйледі.
Кафедраларды дамытудың басым бағыттарының ішінде айқындалғандар:
– микробіліктіліктер мен цифрлық білім беру модулдерін енгізу;
– жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды жандандыру;
– Scopus / WOS және КОКСНВО журналдарында оқытушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру;
-гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысу;
– студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту;
– қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту.
Отырыс қорытындысы бойынша университетті одан әрі дамытуға, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі ҚАЕУ ұстанымын нығайтуға бағытталған шешімдер қабылданды.
















