ҚАЕУ-де Өскемен қаласындағы НЗМ оқушылары үшін «Болашақты жасаушылар» семинар-тренингі өтті

2025 жылғы 5 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің  мәжіліс залында «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» халықаралық ғылыми Конгресінің іс-шаралары  аясында Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» семинар-тренинг өтті.

«Болашақты жасаушылар: жаһандық табысқа жету дағдыларын дамыту» атты іс-шара оқушылардың бойында қазіргі әлемде табысты оқу мен мансап үшін қажетті жеке, көшбасшылық және академиялық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында халықаралық білімі мен тәжірибесі бар ҚАЕУ оқытушылары мен сарапшылары өткізген төрт интерактивті сессия өтті:

Кабардина А. – ҚАЕУ халықаралық білім беру бағдарламаларының директоры, бизнес магистрі (АҚШ) – мансаптағы мамандық пен зейінді таңдау туралы айтты;

Астафьева А., ҚАЕУ креативті даму және кәсіпкерлік жөніндегі директоры, Edge Hill University (Ұлыбритания) докторанты – кәсіпкер ретінде ойлауды және арман университетіне жол салуды түсіндірді;

Рональд Уайли, PhD (АҚШ), КАСУ заң және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры – көшбасшылық пен қызметтің құндылықтарын ұсынды;

Юлия Новицкая, білім магистрі (АҚШ), ҚАЕУ шет тілдері кафедрасының меңгерушісі және Дуглас Хартман, PhD (АҚШ), ҚАЕУ профессоры және Мичиган мемлекеттік университеті – шетелдік жоғары оқу орындарына  уәждемелік хаттар жазу бойынша  шеберлік сағатын өткізді.

Семинар халықаралық білім беруді дамытуға және өңір жастарын жаһандық мүмкіндіктерге дайындауға бағытталған Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы стратегиялық серіктестіктің бір бөлігіне айналды.

«Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» ҚАЕУ халықаралық ғылыми Конгресінің іс-шаралары 03-13 қараша аралығында өтеді және пленарлық отырыстар, ғылыми секциялар, қонақ дәрістер, білім беру семинарлары, шеберлік сыныптары мен оқытушылардың ғылыми еңбектерінің көрмесін қамтиды.

ҚАЕУ Конгресі шеңберінде этика, көшбасшылық, цифрландыру және заманауи білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі мәселелерін талқылай отырып, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Германия және басқа елдердің ғалымдары мен сарапшылары сөз сөйлейді.