ҚАЕУ-дегі Open House & Welcome Day: Бірінші күн
2026 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде Өскемен қаласының мектеп түлектеріне арналған Open House & Welcome Day іс-шарасының алғашқы күні өтті.
Кәсіби бағдар беру іс-шарасы университет бойынша интерактивті саяхат форматында ұйымдастырылды. Мектеп түлектері ҚАЕУ-дің тақырыптық станцияларынан өтіп, әр станцияда оқыту бағыттары мен университет өмірінің әртүрлі қырларымен танысты. Станцияларда оларды қысқа, бірақ мазмұнды мини-дәрістер, оқытушылар мен студенттердің шынайы әңгімелері, практикалық тапсырмалар, квесттер мен интерактивтер күтіп тұрды. Бұл формат қатысушыларға әрбір білім беру бағдарламасының ерекшелігін тек естіп қана қоймай, оны іс жүзінде сезінуге мүмкіндік берді.
Осындай формат болашақ талапкерлерге университеттің академиялық ортасымен динамикалық әрі қызықты түрде танысуға, сұрақтарын тікелей қоюға, әртүрлі рөлдерде өздерін сынап көруге және ҚАЕУ-де оқудың мүмкіндіктері туралы тұтас түсінік алуға жол ашты.
Open House & Welcome Day болашақ талапкерлер үшін университетпен, оның атмосферасымен және білім беру мүмкіндіктерімен жақын танысып, өз болашақ білімін саналы түрде таңдауға тамаша мүмкіндік болды.





































































