ҚАЕУ мен Германияның жас зерттеушілері ғылыми ынтымақтастықтың болашағын талқылады

2026 жылғы 12 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде халықаралық академиялық қоғамдстық өкілдері мен ҚАЕУ 2-4 курс студенттерін біріктірген «Young Researchers Panel Talk» панельдік пікірталасы өтті.

Іс-шара 2026 жылғы 9-13 қараша аралығында ҚАЕУ-де болған Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің (Цвикау қ., Германия) делегациясының сапары шеңберінде өтті.

Панельдік пікірталасқа тұрақты даму саласындағы бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджер, ҚАЕУ докторанты Александр Неске; бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы оқытушы, ҚАЕУ докторанты Стефан Ноак; Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің ғылыми қызметкері Тим Тишендорф, сондай – ақ Джозеф Уилсон қатысты.

Кездесу ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, халықаралық академиялық өзара іс-қимыл және студент жастарды заманауи ғылыми кеңістікке тарту мәселелеріне арналды.

Іс-шараға кәсіби және академиялық қызметтің әртүрлі бағыттарын ұсынатын зерттеушілердің қатысуы ерекше мән берді. Олардың тәжірибесі студенттерге ғылыми жұмысты  тәжірибелік қызметпен ұштастыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық жағдайында ғылыми дәреже алу  болашағын көрсетті.

Панельдік пікірталас форматы жас зерттеушілер мен студенттер арасындағы ашық диалогқа, ғылыми мансап, ғылыми қызығушылықтар мен академиялық даму мүмкіндіктері туралы пікір алмасуға жағдай жасады.