ҚАЕУ мен ҚАЕУ Жоғары колледжі арасындағы баскетболдан достық    кездесу

         2026 жылғы 4 наурызда ҚАЕУ спортзалында Қазақстан-Американдық  еркін университеті мен ҚАЕУ Жоғары колледжі арасындағы баскетболдан достық  кездесу өтті.  Бұл  кездесу екі білім беру ұйымының студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
        Ойын шиеленісті, қызықты,  әрі тартысты өтті.  Ойын барысында екі команда да жоғары дайындық, жылдамдық және командалық үйлесімділігін көрсетті.  Әсіресе  ҚАЕУ университетінің ойыншылары  ұйымшылдық көрсетіп, шабуылда да, қорғаныста да белсенді ойнады.
       Нәтижесінде, бәсекелі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске ҚАЕУ университетінің командасы жетті.  Бұл ойын тек жеңімпазды анықтап қана қойған жоқ, сонымен қатар студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, спортқа қызығушылықты арттырды.
          Екі команда да жоғары деңгейдегі ойынды көрсетіп, көрермендерге қызықты әрі әсерлі спорттық кездесуді сыйлады.

Педагогика және психология кафедрасы