ҚАЕУ оқытушыларының «Референдум және құқықтық мемлекеттің дамуы: қоғамдық-саяси аспектілер» атты ғылыми конференцияға қатысуы
2026 жылғы 31 наурызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Референдум және құқықтық мемлекеттің дамуы: қоғамдық-саяси аспектілер» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Аталған конференцияның мақсаты құқықтық мемлекетті дамытудың өзекті мәселелерін және референдумның Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін талқылау болды.
Конференция аясында Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің және басқа да ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
«Қазақстандағы конституциялық реформалардың тетігі ретіндегі референдум: халықаралық тәжірибе және ұлттық практика» тақырыбында ҚАЕУ-дың ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гаврилова Юлия Александровна баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша вице-президенттің құқықтық мәртебесі» тақырыбында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң клиникасының жетекшісі Мужчиль Савелий Александрович баяндама жасады.
Кездесу соңында конференция қатысушылары пікір алмасып, Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті дамытудағы референдум институтының маңыздылығын атап өтті.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы






