ҚАЕУ оқытушысы Astana Media Week 2026 халықаралық медиа апталығына қатысты
2026 жылғы 14-16 қазан аралығында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның ірі коммуникациялық алаңдарының бірі – Astana Media Week 2026 өтті. Биыл іс-шара оныншы рет өтіп, қазақстандық және шетелдік журналистерді, халықаралық сарапшыларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, инфлюенсерлер мен медиа индустрия мамандарын біріктірді.
Халықаралық медианаға Қазақстан-Американдық еркін университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушы-тәжірибеші Сәрсеков Берік Ерболатұлы қатысты. Журналистік бағыттағы пәндер оқытушысы ретінде ол медиасаладағы өзекті үрдістермен, журналистік қызметке заманауи тәсілдермен және цифрлық коммуникациялардың жаңа тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік алды.
Astana Media Week 2026 аясында журналистикада жасанды интеллектті қолдануға, цифрлық медианы, медиа сауаттылықты дамытуға және бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі қоғамдық институттармен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Іс-шара сонымен қатар кәсіби тәжірибе алмасу, медиа индустрияның өзекті сын-қатерлерін талқылау және іскерлік байланыстар орнату алаңына айналды.
Халықаралық медиа аптаға қатысу оқытушының кәсіби құзыреттілігін кеңейтуге және медиасаланың заманауи құралдарымен танысуға ықпал етті. Алынған білім мен тәжірибе журналистік пәндерді оқытуды жетілдіру, оқу сабақтарының мазмұнын өзектендіру және ҚАЕУ студенттерінің тәжірибелік дағдыларын дамыту үшін пайдаланылуы мүмкін.






