ҚАЕУ оқытушысының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарының өзара әрекеттестігі мәселелері жөніндегі халықаралық дөңгелек үстелге қатысуы

2025 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ж.К.Саданова SDU University «Педагогика және гуманитарлық ғылымдap» факультеті гуманитарлық ғылымдap кафедрасы ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің өзара әрекеттестігі: озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Ол «Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау барысында кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары (ҚАЕУ тәжірибесінен)» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынды. Баяндамашы университет тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудағы өзекті мәселелер мен оларды практикалық шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Іс-шара аясында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты. Бұл дөңгелек үстел жас мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру бағытында тәжірибе алмасуға, білім беру саласындағы заманауи тәсілдерді ортаға салуға зор мүмкіндік берді.

Педагогика және психология кафедрасы