ҚАЕУ президенті грантының иегері анықталды

2026 жылдың 26 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиетінен XII аймақтық олимпиада өткізді. Пәндік олимпиадаға Күршім, Ұлан, Марқакөл, Глубокое, Шемонаиха аудандары, Алтай, Риддер және Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 83 оқушы қатысты.

Пәндік олимпиадалар – дарынды оқушыларды табу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым мен білімге деген қызығушылығын ынталандырудың тамаша тәсілі. Ал олимпиадаға қатысушылар үшін бұл – өз білімдерін тексеру, өзін-өзі бағалау және емтихансыз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада үздіктердің үздігін іріктейді, сонымен қатар болашақ талапкерлер арасында ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын түсінуге мүмкіндік туғызады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар пән бойынша тест тапсырмаларын шешсе, 2-кезеңде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты эссе жазды.

Олимпиада аясында жетекші мұғалімдерге №48 қосымша білім беретін мектеп-орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім-сарапшысы Булатқанұлы Елдар «Қазақ әдебиетін оқытуда жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында семинар оқып, сертификаттар табысталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

10-сыныптар арасында:

ОрынАты-жөніМектеп
1-орынҚайрат АйданаШҚО ББ Өскемкен қаласы бойынша білім бөлімінің «№41 жалапы орта білім беретін мектеп» КММ
Базиолда Мұхамедияр СерікұлыМәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі»КММ
2-орынТілеуханқызы АйымШҚО ББ Өскемкен қаласы бойынша білім бөлімінің «№41 жалапы орта білім беретін мектеп» КММ
Дүйсек АйымШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі»  КММ
3-орынСадатқызы ЗәуретШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ
Тілекқызы МөлдірМәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі»КММ
Бимадиева АдэлШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ

11-сыныптар арасында:

ОрынАты-жөніМектеп
1-орынБейбітқызы АружанШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі»  КММ
2-орынРахамбай НазираҰлан ауданы білім бөлімі бойынша «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ
3-орынЖүніспекова Фатима ЖанатбекқызыШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «№1 Предгорное орта мектебі» КММ

Биыл өткізілген XII Аймақтық Олимпиаданың
жүлде қоры төмендегідей болды:

1-орынҚазақстан-Американдық еркін университеті Президентінің Гранты
2-орынҚАЕУ-де оқу ақысына 50 % жеңілдік
3-орынҚАЕУ-де оқу ақысына 30 % жеңілдік

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ел болашағы боларлық білімді талапкерлерді дайындаған жетекшілерге алғыс білдіреміз!

«Педагогика және психология» кафедрасы