ҚАЕУ студенті «Jastar Generation – 2025» республикалық жастар лагеріне қатысты
2025 жылдың 10-12 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Jastar Generation – 2025» республикалық жастар лагері өтті.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің атынан іс – шараға 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенті, Студенттер Ассамблеясының белсендісі Вдовина Анастасия Александровна қатысты.
Анастасия лагерьдің пікірталастарына, тренингтеріне және мәдени бағдарламасына қатысып, Шығыс Қазақстан облысын абыроймен таныстырды.
Анастасияны құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Педагогика және психология кафедрасы








