ҚАЕУ студенті шаңғы жарысынан Қазақстан жастар чемпионатының чемпионы атанды
2026 жылғы 6-12 ақпан аралығында Риддер қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан жастар чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің ең мықты жас спортшылары қатысып, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
ҚАЕУ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Исабек Ілияс өзінің жоғары спорттық әлеуеті мен шеберлігін растай отырып, бірінші орынды иеленді.
Исабек Ілияс – Қазақстан-Американдық еркін университетінің 3 курс студенті, спортта үздік нәтиже көрсеткен дарынды шаңғышы. ҚАЕУ-ге түскенге дейін ол «Риддер қаласының олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-де оқыды, онда оның кәсіби қалыптасуы басталды. Оның спорттық әлеуеті мен табысқа деген ұмтылысы ҚАЕУ-ді одан әрі білім алу және даму үшін университет ретінде таңдауға негіз болды. Біз осындай студентті мақтан тұтамыз және оның спорттық жетістіктері басқаларды жетістікке шабыттандыратынына сенімдіміз!
ҚАЕУ өз студентінің жетістіктерін мақтан тұтады және спорт қауымдастығын белсенді қолдайды, студенттердің спорттағы әлеуетін жүзеге асыруға барлық жағдай жасайды. Исабек республикалық және халықаралық жарыстарда жаңа жетістіктерге, жаңа рекордтар мен жарқын жеңістерге шабыттандыратынына сенімдіміз!
Педагогика және психология кафедрасы


