ҚАЕУ студенті шорт-тректен Қазақстан чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

2026 жылғы 28-31 қазан аралығында Көкшетауда 15-17 жас аралығындағы спортшылар арасында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Республикалық жарыстарда 6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының (IP) 1 курс студенті Болат Әли Болатұлы екі алтын медаль жеңіп алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Спортшы 500 метрде I орынды, сондай-ақ 2000 метрде MIX аралас эстафетасында I орынды иеленді.

Бұл жетістік қажырлы еңбектің, жүйелі жаттығулардың және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі болды.

Қазақстан чемпионатында тамаша өнер көрсетуіңмен құттықтаймыз! Одан әрі спорттық табыстар, жаңа жеңістер және ең жоғары мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз!