ҚАЕУ студенті – жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының 35-ші чемпионатының жүлдегері
2026 жылғы 9-11 қаңтар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешенінде жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының 35-ші чемпионаты өтті.
Жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген мықты спортшылар қатысып, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
ҚАЕУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нұрланұлы Бақытжан университетті республикалық аренада абыроймен таныстырып, 4×200 метр эстафеталық жүгіруде 3 орын алды. Бұл нәтиже оның спорттық мансабындағы маңызды жетістік болды және спортшының жүйелі дайындығы мен мақсатқа талпынушылығын дәлелдеді.
Нұрланұлы Бақытжан «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Шәкәрім Жоғары колледжін бітіргеннен кейін Қазақстан-Американдық еркін университетіне оқуға түсіп, жоғары оқу орнымыздың қабырғасында дамыта отырып, осында тамаша кәсіби дайындықтан өтті.
ҚАЕУ өз студентінің жетістіктерімен мақтан етеді және Нұрланұлы Бақытжанға одан әрі табысты старттар, республикалық және халықаралық жарыстарда жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілейді!
Педагогика және психология кафедрасы

