ҚАЕУ студенті — ҚР Төтенше жағдайлар министрі кубогының қола жүлдегері

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған қоян-қолтық ұрыстан III-турнир өтті. Екі күнге созылған жарыста еліміздің барлық өңірлерінен келген төтенше жағдайлар органдарының үздік спортшылары өзара мықтыны анықтап, жоғары дайындық деңгейі, төзімділігі мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. 

Аталған турнирде Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Дене шынықтыру» мамандығының 1-курс студенті Әділмұратова Дина «Ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрысы бойынша» 53 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, III орын иеленді.