ҚАЕУ студенттері «1С: Мансап» іс-шарасына қатысты

2025 жылғы 27 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Есеп және аудит», «Менеджмент» және «Экономика» білім беру бағдарламаларының білім алушылары Shiny River қонақ үй кешенінде өткен жыл сайынғы «1С:Мансап Күні» іс-шарасына қатысты. Ұйымдастырушы «1С – Рейтинг» компаниясы болды.

1С индустриясы бүгінде жас мамандар үшін кең мансаптық  келешекті ұсынады: әзірлеу, талдау, консалтинг, жобалау және есепке алуды автоматтандыру. Іс-шара барысында студенттер жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты, 1С франчайзи-компаниялардың жұмысы, байқаулар мен олимпиадалар туралы білді, сондай-ақ түйіндеме дайындау және әңгімелесуден өту бойынша кеңестер алды.

Бағдарламада мына іс-шаралар ұсынылды:

– интерактивті Digital Zone жедел фото басып шығару;

– викториналар мен ұтыс ойындары;

– қатысушының атаулы сертификаттарын беру;

– HR- мамандарының түйіндемесін талдау;

-1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша мастер-кластар.

Спикерлер келесі тақырыптарды егжей-тегжейлі қарастырды:

– 1С экожүйесінде мансаптың басталуы;

– 1С кеңесшілерінің міндеттері мен рөлі;

– әңгімелесуден сәтті өту алгоритмі;

– студенттер үшін өзекті тағылымдамалар мен ,ос орындар.

1С:Мансап Күніне қатысу ҚАЕУ студенттері үшін өзекті кәсіби білім алуға,  тәжірибешілердің ұсынымдарын тыңдауға және болашақ жұмысқа орналасу үшін пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік болды.

Бизнес кафедрасы