ҚАЕУ студенттері Астанада өткен халықаралық конференцияда жүлделі орындарға ие болды
2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері 2026 жылғы 10 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында өткен «Ғылым және жаңа буын – 2026» студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясында ЖОО-нын абыроймен таныстырды.
Конференцияға ҚАЕУ «Журналистика» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Атап айтқанда, Оразалықызы Балауса онлайн-форматта «Заманауи газет тақырыптарының прагматикалық функциясы (баспасөз мысалында)» атты баяндама жасады. Орынбаева Мақпал Ришатқызы «Медиа дискурстағы эмоционалды-экспрессивті сөздердің прагматикалық сипаты» тақырыбында офлайн форматта өз баяндамасын ұсынды. Ғылыми жетекшілікті Н.К.Тұрғымбаева жүзеге асырды.
Конференция қорытындысы бойынша ҚАЕУ студенттерінің жұмыстарын сарапшылар өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы үшін жоғары бағалады. Екі қатысушы да университеттің жоғары дайындығы мен ғылыми әлеуетін растай отырып, II орынға ие болды.
Педагогика және психология кафедрасы






