ҚАЕУ студенттері шайбалы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
ҚАЕУ студенті Вероника Агеева мен София Зубкованы 15-18 қазанда Жапонияның Саппоро қаласында өткен әйелдер командалары арасында шайбалы хоккейден Азия чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасын 5:1 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды!
Ерекше мақтаныш – София Зубкованың чемпионаттың үздік шабуылшысы атануы!
Марапаттау рәсімі Таиланд патшайымы Сутхида Вачиралонгкорнның қатысуымен өтті, бұл оқиғаға ерекше салтанат сыйлады.
Қазақстан-Американдық еркін университеті өз студенттерін мақтан тұтады! Халықаралық аренада жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Педагогика және психология кафедрасы





