ҚАЕУ студенттері-үстел теннисі бойынша жарыстардың жеңімпаздары
Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері жастар арасындағы үстел теннисінен жарыстарда 1-орынға ие болды.
ҚАЕУ командасы атынан жарысқа шыққандар:
- Айдынбек Нөсер – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
- Әмірхан Мұхаметжанов – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті;
- Әбіш Ақтілек – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Жарысты облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ Дене шынықтыру және спорт басқармасымен және Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
Жастар арасында үстел теннисінен турнир «Спорт – тәртіптің кепілі» ұранымен өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
