ҚАЕУ қауымдастырылған профессорының еңбек құқығы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуы

2025 жылғы 11 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Үмитчинова Ботагөз Аспандиарқызы Ташкент мемлекеттік заң университетінің еңбек құқығы кафедрасы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция тақырыбы – «Әйелдер мен отбасылық міндеттерді атқарумен айналысатын адамдардың еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері» – Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Түркия және басқа елдердің ғалымдары мен практиктерін біріктірді. Іс-шара аясында осы санаттағы қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды, қатысушылар тәжірибе алмасып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

ТМЗУ-не сапары барысында Б.А.Умитчинова университет студенттеріне құқықтық сауаттылықты арттыруға және еңбек құқығы саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған бірқатар тренингтер өткізді.

ҚАЕУ оқытушыларының халықаралық ғылыми форумдарға қатысуы академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және университеттің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етеді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы